Қазақстан құрамасы екінші екіжақты матч өткізді

3 mamyr

«Барыс Арена» айдынында шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының жиындары өтуде.

Әлем чемпионатына дайындық аясында екіжақты матч өтті. Құрам «ақтар» мен «көктер» болып бөлінді. Бірінші кезеңнен кейін есеп тең – 3:3 болды. Нәтижесінде кездесу 5:4 есебімен «көктердің» пайдасына шешілді. Жеңімпаздар құрамынан Роман Старченко, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко, Дмитрий Гурков, Александр Писарев гол салды. «Ақтар» құрамында Никита Михайлис дубль жасады, сонымен қатар Дмитрий Гренц пен Егор Петухов гол салды.

«Ақтар»:
Қақпашылар: Карлссон, Бояркин
Қорғаушылар: Сведберг, Данияр См., Шалапов, Орехов, Полохов, Степанов
Шабуылшылар: Михайлис, Волк, Савицкий, Панюков, Шестаков, Асетов, Лихотников, Гренц, Петухов.
«Көктер»:
Қақпашылар: Еремеев, Шутов
Қорғаушылар: Маклюков, Диц, Метальников, Степаненко, Ибрайбеков, Писарев, Бекетаев
Шабуылшылар: Шин, Старченко, Рахманов, Акользин, Сагадеев, Шевченко, Мусоров, Данияр Сн., Гурков.