Сарыарқа финалдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

20 sáýir

Pro Ligasy финалдық сериясының үшінші матчында «Сарыарқа» «Арланның» арынын басып, сериядағы есеп айырмашылығын азайтты.

Бірінші кезеңде-ақ командалардың айып минуты 18 минутқа жетті, бұл екі шайбаны көпшілік құраммен салуға жол ашты. 17-ші минутта есепті Иван Безруков ашып, «Сарыарқаны» ілгерілетті. Ал үзіліске сәл қалғанда Виталий Жиляков таблодағы санды теңестірді.

Бөтен аймақтағы Роман Бердниковтің шайбаны қағып түсуінен кейін Вадим Митряков қонақтарды екінші рет састырды. Кезеңнің соңында Владислав Рыбаков тасталған шайбаны сәтті жеңіп алғаннан кейін «Арланның» қақпашысы Илья Румянцевті екінші рет қапы қалдырды.

Үшінші кезең аяқталуға таяғанда «Сарыарқаның» көпшілік құраммен ойынындағы Эгдарс Сикснаның дөп соққысы матчтың шешуші сәтіне айналды. Леонид Тамбовтың командасы финалдық серияда алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ертең Көкшетауда төртінші жекпе-жек өтеді.

«Арлан» – «Сарыарқа» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

Сериядағы есеп: 2-1 (3:2, 2:1, 2:3)

16:05 – 0:1 – Безруков (Аноховский, Рахманов) ГБ

18:42 – 1:1 – Жиляков (Митряков, Бердников Р.) ГБ

29:15 – 2:1 – Митряков (Бердников Р.)

37:50 – 2:2 – Рыбаков (Беляев, Безруков)

53:13 – 2:3 – Сиксна (Голоднюк, Борисевич) ГБ

Қақпашылар: Румянцев – Бояркин