Теміртаудағы сенсация, Арлан плей-оффқа өтті. 22 ақпандағы матчтарға шолу

22 aqpan

«Снежные Барсы» ұзаққа созылған жеңілістер сериясын тоқтатты. «Арлан» плей-оффқа жолдама алды. «Ақтөбе» «Алтай Торпедодан» қарымта қайтарды.

«Снежные Барсы» үш айдан астам уақыт бойы жеңіліс көрумен болды. Бүгін бұл жеңілістер сериясы үзілді. Александр Истоминнің ойыншылары түзде буллиттер бойынша «Теміртауды» жеңіп, маусымдағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.

«Теміртау» – «Снежные Барсы» 4:5 Б (0:1, 1:1, 3:2, 0:0, 0:1)

0:1 – 07:25 – Шульга (Сайко)

1:1 – 22:38 – Шульга (Пальмтаг)

1:2 – 34:00 – Двуреченский (Верещагин)

2:2 – 42:26 – Белоцкий (Бычков)

3:2 – 46:10 – Попов (Щекин)

3:3 – 48:08 – Сулейменов (Колодюк, Верещагин)

4:3 – 52:23 – Лызин (Пономарёв)

4:4 – 57:05 – Макеев (Омирбеков, Калиновский)

4:5 – 65:00 – Морожников ПБ

Қақпашылар: Еремеев (Селиверстов, 59:20–65:00) – Пестов (Павленко, 52:23–65:00)

«Арлан» «Алматыны» сенімді түрде жеңіп, Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жеңімпаздар құрамынан дубль Сергей Демагинге тиесілі.

«Арлан» - «Алматы» 4:1 (3:1, 1:0, 0:0)

1:0 – 01:05 – Демагин (Куликов, Гребенщиков) ГБ

2:0 – 07:52 – Демагин (Куликов, Ермолаев) ГБ

3:0 – 18:22 – Ермолаев (Волгин)

3:1 – 18:58 – Серегин (Качулин, Тихомиров)

4:1 – 33:53 – Шитиков (Маркелов, Бердников В.)

Қақпашылар: Румянцев – Грязнов

«Ақтөбе» «Алтай Торпедодан» қарымта қайтарды. Бір қызығы, бүгінгі кездесу дәл кешегідей есеппен аяқталды, тек басқа команданың пайдасына шешілді. Дмитрий Мальгин кезекті құрғақ матчын өз есебіне жазды.

«Алтай Торпедо» - «Ақтөбе» 0:2 (0:0, 0:1, 0:1)

0:1 – 23:44 – Скатов (Егоров, Зинченко)

0:2 – 59:54 – Зинченко (Скатов, Тесленко) ПВ

Қақпашылар: Осокин – Мальгин